7 – 9 мамыр мереке күндері бойынша ұйымдастырылған рейд жұмысының ақпары

Дата: 2020-05-12 13:28:42
7 – 9 мамыр мереке күндері бойынша ұйымдастырылған рейд жұмысының ақпары

    Қазіргі кезеңде болып жатқан індеттің алдын –алу мақсатында жарияланған карантинге байланысты мереке күндері  балалардың ересектердің еріп жүруінсіз көшеде жүруіне жол бермеуді күшейту және қадағалау мақсатында рейд жүргізілді. Карантин жағдайында кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі заңды өкілдеріне (ата-аналар, қамқоршыларына және сенім білдірген адамдарға)  жүктеледі.

     Қалада  сақтық шаралары күшейтіліп, бірқатар шектеу енгізілгеніне қарамастан, карантиннің талабына бағынғысы келмейтін жас өспірімдер болды. Төтенше жағдай режимін бұзғандардың жазасы қатаң екенін ескертіліп, Әкімшілік кодекстің 476-бабы бойынша төтенше жағдай режимiн бұзғандар 10 АЕК көлемінде  ата – анасының айыппұл төлейтінің ескертіп, әкімшілік құқық бұзушылық туралы ақыл – кеңес беру жұмыстары жүргізілді.

Автор: №5 ОМ