Оқушылар мен ата – аналар назарына!

Дата: 2020-05-04 13:16:52
Оқушылар мен ата – аналар назарына!

Қазіргі кезеңде болып жатқан індеттің алдын –алу мақсатында «Үйде бол», «Біз біргеміз» ұранын ұстана білейік. Жарияланған карантинге байланысты сіздің балаңыздың бос уақытын тиімді өткізуін бақылауды күшейтуіңізді және ересектердің ертіп жүруінсіз көшеде жүруіне жол бермеуді ұсынамыз. Карантин жағдайында кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі заңды өкілдеріне (ата-аналар, қамқоршыларына және сенім білдірген адамдарға) жүктеледі. Барлық шектеу іс-шаралары уақытша болып табылады және тек қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қабылданады. Құқықбұзушылыққа жол жоқ. Себебі біз бақытты бейбіт елде өмір сүреміз. #үйдеболыңыз #бізбіргеміз

Автор: №5 ОМ