«Мен таңдаған мамандық» атты ашық тәрбие сағаты өтті.

Дата: 2020-03-13 11:58:50
«Мен таңдаған мамандық» атты ашық тәрбие сағаты өтті.
10- шы сыныпта «Кәсіптік білім беру» бағдары  бойынша  «Мен таңдаған мамандық» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Сабақтың барысында  мұғалім Кунарбекова К. М оқушыларға болашақ мамандық және  мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болуды,  таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылап  өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру туралы нақты  айтып берді. Мамандық таңдау мәселесін белсенділігін арттыру үшін «Болашаққа саяхат»   атты ұранымен оқушылар екі топқа  бөлінді. 
   Бірі : «Ақ қеме» тобы болса екіншісі   «Желкенді  кеме» болды. Ең алдымен  оқушыларға  мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және  өзін тану шекарасын кеңейту мақсатында  «Мейірімділік осі» болашақ маман иесінің  қандай болу керектігін екі топ  адам бойындағы жағымды , жағымсыз  қасиеттерді  кезек – кезек  айтып ашып берді. Ары қарай оқушылар кеменің үш желкенде «ЕҢБЕК» , «АДАЛДЫҚ» , «ОТБАСЫ» атты сөздерді бірін таңдап оқушылар болашақ мамандықтық осы сөзбен байланысын пікірін ашық айтып берді. Қазіргі заманауи технология инженерлік , яғни ақпараттық технология саласындағы мамандарға деген сұраныс жоғары болағндықтан оқушыларға «Профессия будещего» атты  бейнеролик көрсетілді. Сабақ соңында мұғалім балаларға  тақтадағы «Үш жұлдызға» яғни  «Құс жолы» деп аталатын жұлдыздарға  «Қолымнан келеді» , «Мен жасай аламын», «Мен қалаймын» болашақта маман таңдағанда осы тұжырымдар байланысын оқушылармен талқылады. Сабақты қортытындылай келе әр оқушы «Болашақ бәйтерегі» атты тілек ағашына өздері  армандаған мамандықтарына сүрінбей жетуге тілектерін  жазды.
Автор: №5 ОМ