Размер шрифта:

Психолог кеңесі

Дата: 2015-09-22 09:54:22

Психолог кеңесі

– Баланы алғаш рет балабақшаға алып келгенде құрдастарымен дұрыс ойнауына мән беріңіз. Өзгені ұрмауын, ойыншықпен бөлісуін, адам талғамауын айтып, ақыл-кеңестеріңізді аямаңыз.

– Балабақшада сәбиіңізге қысым көрсетілмейтіндігіне көз жеткізіңіз. Әріп жаттауға, сандарды тануға мәжбүрлей ма екен? Өзіңізде оны қыстамаңыз.

– Балабақшаға ұзақ уақыт барған бала өзі дәретханаға барып, рұқсат сұрай алатын жағдайда болуы керек. Баланы таңертең киіндіргенде киімде артық түймелер мен батырмалардың болмауын қадағалаңыз. Бұл сәбидің ығырын шығарады.

– Тәрбиешінің лауазымын жоғары етіп көрсетіңіз, оның тілін алуға үйретіңіз. Ол үшін тәрбиешінің жеткілікті түрде сауатты екендігіне көз жеткізіңіз. Баланың өзін жақсы сезінуі тәрбиешіге және тобындағы балаларға байланысты.

– Ойын-сауықтарды да ұмытпаңыз. Себебі, бала онда тек қана оқуды үйренбейді, бірінші кезекте балалармен бірге көңіл көтеріп, жағымды әсерлер алады, танымын кеңейтеді. Осының бәрі сәбиді қанағаттандыратын болса, балабақшаға қуана-қуана барған болар еді.

 

Ата-аналардың өз балаларына ұстанған позициясында көңіл бөлуге тиісті түйіндер бала тілімен жеткізілген түрі.

  • Мені шектен тыс еркелетпеңіздер. Барлық нәрсеге қолым жетпейтінін біліп тұрсам да, мыналар қайтер екен деп сіздерді сынау үшін жасаймын.
  • Маған тең дәрежеде мәміле жасаудан алаңдамаңдар, сендер солай істегенде мен өзімді қауіпсіз сезінемін.
  • Маған жаман әдеттерді қалыптастырмаңдар. Бала кезімде жақсы-жаман, дұрыс-қатенің бәрін сіздерге сүйене айырамын.
  • Маған жасыма лайық сөйлеңдер, болмаса әдейі ақымақ көрініп алуым мүмкін.
  • Мен басқалардың алдында айыптамаңдар, әйтпегенде абыройым түсіп сендермен қарсыласып кетуім мүмкін. Жасырын ескерту жасаңыздар, мұның өнімі жақсы.
  • Қателік жасасам қылмыс өткізгендей кінә тақпаңдар. Жақсы дүниелерге талпынысым жоғалып кетуі мүмкін.
  • «Мен сендерге өшпін» деген сөзімді көңілдеріңе алмаңдар, менің өштескенім сіздер емес, сіздердің маған жүктеген бітпес ауртпашылықтарыңыз.
  • Мені қанаттарыңның астына ала бермеңдер, көп дүниені өзім тындырғым келеді.
  • Менің ұсақ-түйек ауруларыма қатты назар аудармаңдар, маған күйінетіндеріңді білемін.
  • Тоқтаусыз сөйлей бермеңдер, болмаса құлағым «керең» боп қалады.
  • Берген уәделеріңді орындаңдар, уәде орындалмаса көңілім түседі, сендерге сенбеймін.
  • Менің түсіндіруім жан-жақты болмаса да, мен көп дүниені біліп тұрам және ақылды боп кетем.
  • Өте кішпейіл болуды талап етпеңдер, кейде қорыққанда өтірік айтуым да мүмкін.
  • Мені басқарғанда бастан-аяқ бірқалыпты болыңдар. Мені күмәнға қалдырсаңдар, екінші сендерге сенбеймін.
  • Мен сұрақ сұрағанда ептеп-септеп құтылып кетуді ойламаңдар, жауап беруден бас тартпаңдар, олай болмағанда сұрақ сұрауды тоқтатамын немесе жауабын басқа жақтан іздеп кетемін.
  • Мен қорқып кеткенде мазақтамаңдар, өздеріңді менің орныма қойып көріңдер, сендер мендей кезде қандай болдыңдар екен?
  • Өздеріңдікін мәңгі дұрыс, қателіксіз көрсетпеңдер, шындығында олай болмай шықса мен қатты үмітсізденемін.
  • Менен кешірім сұрауды абыройымыздың түсуі деп ойламаңдар. Кішіпейілділікпен сұралған кешірім арамызды жақындата түседі. Менің сендерге деген құрметім артады.
  • Әрқандай істі өзім сынап көруді қалаймын, сіздердің соған мүмкіндік берулеріңізді және оның нәтижесін бірдей айта салмауларыңызды сұраймын.
  • Менің тез-ақ ержетіп кететінімді ұмытпаңдар, бірге есею барысы сіздерге қиын тисе де, сынап көрулеріңізді сұраймын.
Автор: Ертөстік