Мектеп жасына дейінгі балалаларға қазақ тілін үйрету процессі кезінде отбасымен қарым-қатынасты қалай нығайта аламыз?

Дата: 2015-06-10 04:27:10

Мектеп жасына дейінгі балалаларға қазақ тілін үйрету процессі кезінде отбасымен қарым-қатынасты қалай нығайта аламыз?

Бүгінгі балалар-біздің еліміздің болашағы.Қазақ тілін үйрену мектеп жасына дейінгі балалардың қажеттілігі болып табылады.Басты міндет, мектеп жасына  дейінгі  балалардың  ата-анасымен тығыз байланыста болу.

1.Әр баланың отбасымен қарым-қатынас қалыптастыру,көңіл күйін қолдау.

2. «Отаныңды таны да сүй»-ата-анамен бала қазақтың салт—дәстүрі мен қолөнерімен таныстыру.

3 «Қазақ тілін үйренеміз»-қазақша балалар әдебиетімен таныстыру.

4. «Ойнайық та, ойлайық!»-үстел-үсті қазақ  ұлттық ойындарымен таныстырып, ұсақ моторикасын дамыту.

5. «Қызықты өмір сүреміз»-өткен іс-шаралардың, мерекелердің суреттерінен көрме ұйымдастыру.

6. «Танысыңыздар! Отбасы...»-қазақ тіліне үйрету іс-тәжірибесін ,әдіс-тәсілдерді көрсету.

7. «Отбасымен бірге білем» сайысын ұйымдастыру. Ата-аналардың қатысуымен қазақ тілі білімдерін ортаға салу.

Автор: Ертөстік