День Первого Президента Республики Казахстан

Дата: 2020-12-08 16:52:20

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған 23.11.2020-30.11.2020 ж.ж. аралығында өткен «Тұңғыш Президент» атты апталық.

Қараша айының 23 күнінен бастап «Ер Төстік» балабақшасында Тұңғыш Президент күніне арналған апталықты ортаңғы топ балалары Отан туралы тақпақтарды мәнерлеп оқудан бастады. Сол күннен бастап барлық топтарда Президент жайында ата-аналар үшін ақпарат дайындалды. Ересек топтары үшін «Елін сүйген Президент» атты көрнекілік ақпарат әзірленді.  

          24-қараша күні бейне таспадан «Ұшқоңыр - алтын бесігім» атты ақпарат көрсетілді.

         25-қарашада барлық жастағы топтар үшін «Менің тұңғыш Президентім!» тақырыбында тақпақ оқудан онлайн конкурсы өткізілді.

        26-қараша күні ересек топтарда Президентттің жастық шағы жайында ақпарат жүргізілді.

       27-қарашада мектепалды тобында еліміздің Президентін құрметтеуге, Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының    рәміздерін  қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін  арттыруға  тәрбиелеу мақсатында

«1 желтоқсан – ел тарихы үшін елеулі күн»атты тақырыптық ұйымдастырылған оқу қызметі өтті.

     30-қарашада «Мен отаншыл ботамын» суреттер көрмесі ұйымдастырылды.

    Осымен Президент күніне арналған мерекелік іс-шаралар да өз мәресіне жетті.

Автор: Ертөстік