Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жайлы ақпарат
Балқаш қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша келесі сыбайлас жемқорлыққа күрес шаралары атқарылды.
· Қаладағы «Северное Прибалхашье», «Балқаш өңірі» газеттерінің бетіне ай сайын «Сенім» телефоны жайлы ақпарат жарияланып отырады. Сонымен бірге, мекемеде жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін ұсыныстар мен шағымдар үшін жәшік орнатылған.
· Мемлекеттік сатып алу үрдістері талапқа сай, интернет порталға жариялану арқылы іске асырылады. 2012 жылы 50180,0 мың теңгеге -6, 2013 жылы 102232,8 мың теңгеге 8 мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылды. Конкурс бойынша заң бұзушылық фактілері тіркелген жоқ.
· Қаладағы орта білім беру мекемелерінде аталған тақырыпқа байланысты семинарлар, дебаттық ойындар, диспуттар сол мекемелердің жоспары бойынша ұйымдастырылады. Атап айтқанда,Жемқорлыққа жол жоқ» (СШ№15), дөңгелек столдар: «Гарантии неприкосновенности лиц, оказывающих содействие в борьбе коррупцией» (СШ№17) «О наказании за нарушения трудовой дисциплины» (СШ №5), семинар: СШ№25 «Жемқорлық қоғамға жат құбылыс».
· Мекеменің құқықтық білім беру сабағында ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарын және мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс Кодексін оқып үйрену жалғастырылуда, сонымен бірге мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс Кодексін сақтауы туралы ақпарат әр айдың 25 дейін құзырлы органға ұсынылып отырылады.
· Бөлімде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-шаралар жоспары құрылған.
· Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлері мен олардың жұбайларының табысы туралы декларация үнемі тапсырылады.
· Бөлімде ай сайын құқықтық оқыту сабағы өткізіліп отырады.