Ислам дінінің құндылықтары

Дата: 2013-04-24 03:17:28
Ислам дінінің құндылықтары

№ 8 қазақ орта мектебінде қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен  Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің тапсырмасының аясында  ақпараттық насихат тобының Қарағанды облысынан келген  өкілі «Бала қажы» мешітінің бас имамы Ермахан Оралбай Әділбекұлы,қалалық мешіттің бас имамы Аманжолов Марат Құрбанбекұлы   оқушы жастармен кездесу өткізілді.Мақсаты-жергілікті өңірлердегі  жастарға теріс пиғылды ағымдарға қарсы жұмыс жүргізу және діни экстремизм мен терроризм идеяларының таралуын алдын алу болып табылады. Кездесуге ішкі саясат,ішкі істер бөлімінің өкілдері мен «Дінтану негіздері» факультативінен сабақ беретін мұғалімдер,9-10 сынып оқушылары қатысты.
Екінші бөлімінде «Шындыққа жол» фильмі көрсетілімге ұсынылды.