Размер шрифта:

«Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ директоры лауазымының бос орнына конкурс жариялайды

Дата: 2017-10-13 05:35:38

«Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ

 «Саяқ кенті жалпы білім  беретін №6 орта мектебі» КММ,

«Балқаш қаласы С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ,

«Балқаш қаласының №17 мектеп-лицейі» КММ,

«Оқушылар сарайы» КМҚК

 директоры лауазымының бос орнына конкурс жариялайды

Мекенжайы:  «Саяқ кенті жалпы білім  беретін №6 орта мектебі» КММ-100300,  Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Саяқ кенті, Школьная көшесі 51, телефон – факс 87104135279;

Мекенжайы: «Балқаш қаласы С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ - 100300,  Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Сатпаев ықшам  ауданы, №1 үй, телефон – факс 5-40-99;

Мекенжайы: «Балқаш қаласының №17 мектеп-лицейі» КММ - 100300,  Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Жидебай батыр көшесі, №13 үй, телефон – факс 6-59-90;

Мекенжайы: «Оқушылар сарайы» КМҚК - 100300, Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Ағыбай батыр көшесі, №32 үй, телефон – факс 4-10-65.

Азаматтық қызметкердің лауазымдық қызметақысы:

категория

Еңбек еткен жылдарына байланысты лауазымдық қызметақысы(тенге)

бастап

дейін

А-1-3

93245

99988

Функционалдық міндеттері:Қолданыстағы  заңнама мен білім мекемесінің Жарғысына сәйкес, оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық іс-әрекетке қабылданған шешім бойынша барлық жауапкершілікті ала отырып, басшылық жасайды.  Оқу жұмыс жоспары мен бағдарламаларды, оқу үрдісінің кестелері мен өзге нормативті актілерді бекітеді. Оқушылар контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғауын қамтамасыз етеді.

Жұмыс беруші және демеушілермен жұмысты үйлестіреді. Өзіндегі бар мүлік, құралдарға иелік етеді, оқу-материалдық базаның есебін жүргізеді, сақталуы мен толықтырылуын, санитарлық-гигиеналық ережелердің сақталуы мен еңбек қауіпсіздігін  қамтамасыз етеді.

Кадрларды таңдау мен орналастыруды іске асырады,педагогикалық және тәрбие үрдісінде тиісті деңгейді қамтамасыз етеді.

Қоғамммен байланысты іске асырады, ата-аналармен жұмысты үйлестіреді. Білім бөлімін жоғары тұрған, қоғамдық және өзге де ұйымдар алдында ұсынады, тиісті есеп беруді дайындау мен тапсыруды қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап: білімі – жоғары, жұмыс өтілі білім мекемелерінде немесе кәсібіне сәйкес білім мекемелерінде әкімшілік қызметте 5 жылдан кем емес.

Конкурсқа қатысушылар Қазақтан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарын, аталған лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқаруға қажетті өзге де нормативтік-құқықтық  актілерді білуі тиіс.

Конкурс  Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» заңы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015жылғы 25 желтоқсандағы №1017 бұйрығымен бекітілген азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі. 

 Конкурсқа қатысуға тиісті құжаттар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде ұсынылуы қажет. 

Қажетті ақпаратты мына мекенжайдан алуға болады: 100300, Балқаш қаласы, Уалиханова көшесі 5,  «Балқаш қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі,№ 4 кабинет, анықтама телефондары: 46254, факс 47628