Балқаш қаласында Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған спорттық – бұқаралық іс-шаралардың өткізілгендігі туралы ақпарат.

Дата: 2013-04-08 11:24:15
Балқаш қаласында Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған спорттық – бұқаралық іс-шаралардың  өткізілгендігі туралы ақпарат.

Балқаш қаласында 2013 жылдың 06-07 сәуір аралығында Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған бұқаралық іс – шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде волейболдан ашық біріншілік (8 команда, 80 адам), каратэ додан бөлімше біріншілігі (45 адам) өтті. «Жекпе-жек» қалалық спорттық клубында «Қазақ күресінен» 1996-97,          1998-99 жылы туылған жасөспірімдер арасында іріктеу жарысы ұйымдастырылып өткізілді. Қатысқандар саны 230 спортшы. Шахмат және тоғызқұмалақтан блиц турнир өтті. Турнирге қатысқандар саны 85 спортшы. «Металлург» стадионында футболдан мектеп оқушылары арасындағы «Миллиондар кубогі» атты қала біріншілігі ұйымдастырылып өткізілді. Жарысқа 16 команда, 240 спортшы қатысты.

Сонымен қатар, мектептерде, орта және жоғарғы оқу орындарында, қаладағы спорт жайларында әр спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып өткізілді. Олар «Әке, шеше және мен-спорттық жанұя», «Көңілді сөре»  спорттық жарыстары, волейбол, баскетбол, футбол, үстел теннисі және спорттық-бұқаралық жарыстар. Мекемелердан жиналған ақпарат бойынша осы жарыстарға барлығы 3244 адам қатысты.