«Мәңгілік ел ұландары» «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау слетінің өтілуі туралы

Дата: 2016-12-09 09:48:27
«Мәңгілік ел ұландары»  «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау слетінің өтілуі  туралы

   «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы»Республикалық қоғамдық бірлестігі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы.«Жас Ұлан» ұйымында мүше болудың екід еңгейлі жүйесі бар. 

    2016 жылдың 8 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық  мерекесіне орай Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен  «Жас Ұлан» балалар мен жастар ұйымының қатарына қабылдау салтанаты өткізілді. «Жас Ұлан» қатарына қабылдаудың негізгі мақсаты - оқушылардың шығармашылық және танымдық, қоғамдық-әлеуметтік белсенділігін  көтеру. Жас ұлан» балалар мен жастар ұйымының қатарына қабылдану құқығына оқу үздіктері, түрлі шығармашылық және интеллектуалды байқау, ғылыми-практикалық конференция жеңімпаздарынан 17 бала ие болды. Жасұлан ұйымының жаңа мүшелеріне  галстук  пен төсбелгі тағу және сыйлықтар тапсыру қалалық Ұланбасыларына берілді. Салтанатты қабылдау «Атамекен» патриоттық әнмен аяқталды.