«Ұланымыз – Ұлы елдің» ту ұстаушылар тобы байқауы

Дата: 2016-12-06 05:04:33
«Ұланымыз – Ұлы елдің»   ту ұстаушылар тобы байқауы

      1 желтоқсан Президент күні және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық  мерекесіне орай 2016 жылдың 30 қарашасы күні Оқушылар сарайында «Жас Ұлан» ББмЖҰ мүшелері арасында  «Ұланымыз – Ұлы елдің»  ту ұстаушылар байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты - өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.

        Байқауға қала мектептерінің 16 ту ұстаушылар тобы қатысты.  Әділқазылар топтардың бағдарламаны дұрыс орындауын бағалады.  Элементтерді нақты орындау. Туды дұрыс әкелу, тағзым ету, әкету, кезек ауыстыру. Топтардың сыртқы пішіні: ұқыптылық, форманың бірегейлігі және ту ұстаушылар формаларының дұрыс пайдаланылуы, сонымен бірге, тиісті бұйрықты бере білуі.

Байқау қорытындысы бойынша:

I-орын-№ 7 мектеп - гимназия

II-орын- № 17 орта мектеп

III-орын - № 8 орта мектеп  ту ұстаушылар тобы жеңіп алды.

Жеңімпаздар Балқаш қаласының білім бөлімінің мадақтамасымен  марапатталды.