Жалпы білім беретін №9 орта мектебінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілген «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты қалалық жас ақындар мүшәйрасы сайысының ақпараты
Қараша айының 24 жұлдызында «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты қалалық жас ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылды. Сайысытың мақсаты Оқушылардың елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.Сайысқа әр мектептен 1 оқушыдан қатысты. Сайыста ерекше көзге түсіп, тәуелсіздік жайындағы шығармашылықтарын нақышына келтіре оқыған оқушылар да аз болған жоқ.
Жбб№24 орта мектеп оқушысы Рзаханов НұрисламI орынға лайық деп танылса, Абай атындағы №2 лицейдің оқушысы Бағдулет Әйгерім, №15 мектеп-лицейдің оқушысы Балықбай ЕрасылII орынды иеленді. №8 орта мектеп оқушысы Боранғазы Әділ, №9 орта мектеп оқушысы Шлатай Аружан, Жбб№25 орта мектеп оқушысы Шеш Сағыныш III орынды иеленді. Сайысқа қатысып, белсенділік танытқан қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.