№ 10 ОМ ӘДЕБИЕТТІК ҚОНАҚЖАЙ

Дата: 2013-02-08 04:21:33
№ 10 ОМ  ӘДЕБИЕТТІК ҚОНАҚЖАЙ

10 қаңтарда № 10 орта мектептің әдебиеттік қонақжайында қала мектептерінің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері және жоғары сынып оқушылары қонақта болды. Қонақтар «А.Н. Островский — певец  Замоскоречья» тақырыбында талантты, білімді, XXI ғасырдағы  ұлы орыс драматургының  190 жылдығына арналған көріністі тамашалады. Қонақтар ертедегі бай мен көпестер, майда шенеуніктер тұрған Замоскоречья әлемін аралап қайтқандай болды.

              8-10 сыныптардың әртістері мұғалімдер В.В. Романова мен О.А. Желобецкаяның басшылығымен А.Н. Осторовскийдің  «Свои люди — сочтёмся», «Женитьба Бальзаминова», «Праздничный сон до обеда» комедияларын театр сахнасында көрсетті.

            Бейне көсетілім, келісті әуендер, тербелген билер, «Калитка» және «А лунном сиянии» романстары, сәнді костюмдер көрермендер көңілін баурап алып , есте қаларлықтай етті.

         10-сынып оқушылары А. Серёгинаның, Ануар Меңдубаевтың, А. Вишнякованың; 9 «В» сынып оқушылары Д. Дуванскаяның, М. Жандильдинаның; 9 «А» сынып оқушылары А. Москвинаның, К. Филипчуктің ойындарын ерекше атап өтуге болады.

Қонақтар  А.Н. Островскийдің дәуірінде болып, көне Мәскеу келбетін сезінді.