«С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы»КММ-де Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеудің күнтізбесі бойынша Еңбек. Отбасы.«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының отбасылық құндылықтарына арналған «Бала өміріндегі әкенің рөлі» атты қалалық әкеле
Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайта отырып, ұлттық салт - дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екенін ұғындыру, әкеге деген бала махаббатын оятуға тәрбиелеу мақсатында«Бала өміріндегі әкенің рөлі» атты қалалық әкелер кеңесімен ток-шоу өтті.
Ток-шоуға қалалық мешіттің найб имамы Рахымжанұлы Түсіпбеков Асылхан, пульс газетінің журналисі ақын, сазгерҚуандық Саденов және бір топ әкелер өздерінің балаларымен қатысты. Сонымен қатар «Балқаш өңірі» газетінің тілшісі Мұхаметжанова Фарида және қаламыздың жез таңдай әншісі Құнарбекова Аққыз Жанғұтқызы өз ән шашуымен қатысты.
Бала бойына тіршіліктің жылуын таратып жүрген әкенің бала өміріндегі рөлі туралы әңгіме өрбітп жүргізілді. Ток-шоу бүгінгі күні әр отбасындағы әкенің рөлі қандай деңгейде деп ойлайсыздар? деген сұрақтан басталды.
Жалпы ислам дінінің отбасы тәрбиесіне байланысты заңдылықтары қандай?
Әке мен бала тақырыбында ситуациялық видео көрсетіліп пікір туындап әңгіме жүргізілді. Осы ситуациялық сұраққа байланысты әкелерге сұрақ халқымыз «әкеге қарап ұл өсер» дейді. Сіз қаншалықты балаңызға тәрбие беріп жүрсіз? Балаңыздың тәрбиесіне жеке уақыт бөлесіз бе?
Бүгінгі көтеріліп отырған сұрақты басқа қырынан қарастыратындай қазіргі күнде жалғыз басты әкелер бар, ішімдікке салынып кеткен әкелер бар, отбасын тастап кеткен әкелер бар осы тұрғыда әңгіме жүргізілді. Сонымен қатар қоғамда өршіп баражатқан қылмыстар, әлеуметтің жағдайдың төмендігі, тәрбиеден кеткен олқылықтардан туындап отырғандығы туралы әкелерде жақсы пікірлерін айта білді. Келген әкелердің балаларыда қатысты, балалармен әкелерінен не үйренді, қандай мамандыққа тәрбиелеп жатыр, бос уақытты қалай өткізесіздер деген пікір алмасты. Балалар көбінесе әкелерінің жұмыс басты екендіктерінде айтып өтті.
Ток-шоуды қорытындылауда мектебіміздің жаңа форматты мұғалімі Ракишева Мөлдір Аманжоловна»Балық қаңқасы»атты коучингісін жүргізіп кері байланыс нәтижесі алынды. Қорытынды сөздерінде әкелер осындай іс-шаралар жиі болса әкемен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға көмекгі тиер еді деді.