«Балқаш қаласының білім бөлімінің» 2015 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету қорытындысы бойынша ақпарат

Дата: 2016-02-16 08:43:13

    Балқаш қаласының білім бөлімі бүгінгі күнге 19 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Мемлекеттік қызметті:

•        www.egov.kzэлектронды Үкіметінің «веб-порталы» арқылы цифрлы қолы (ЭЦП) болған жағдайда;

•   Балқаш қаласының халыққы қызмет көрсету орталығынан;

•  Альтернативті негіз бойынша Балқаш қаласының білім бөлімі арқылы ала алады.

Білім бөлімі келесі 13 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

1. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі  (7 жасқадейін) жастағы балаларды кезекке қою;

2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақықорына, банктерге, ішкіістер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелікету және кәмелетке толмаған балаларға мұраресімдеу үшін анықтамалар беру;

3. Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру;

4. Кәмелетке толмаған балаларға мен шік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру;

5.  Жетімбалаға (жетімбалаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға(балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу;

6. Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетімбаланы(жетімбалаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы(балаларды) асырап-бағуға жәрдемақыт ағайындау;

7. Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлердеде малуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру;

8.  Баланы(балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру;

9.  Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау;

10. Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою;

12. Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау;

13.  Жетімбаланы және(немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты бір жолғы ақшалай төлемді тағайындау;

Сонымен бірге, «Азаматтар үкіметі»  арқылы Мемлекеттік корпорациясы  бойынша 3:

- Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелікету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру;

-Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру;

-Кәмелетке толмаған балаларға мен шік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру мемлекеттік қызметі көрсетіледі.

  Сонымен бірге, «Азаматтар үкіметі» Мемлекеттік корпорациясы  бойынша алтерьнативті негізде мемлекеттік ұйым арқылы  3:   

1. Негізгіорта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру;

2. Жетімбалаға(жетімбалаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға(балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу;

3. Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетімбалаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы(балаларды) асырап-бағуға жәрдем ақы тағайындау;

6 мемлекеттік қызмет ведомстваға қарасты білім мекемелері арқылы көрсетіледі. Олар:

1. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау;

2. Бастауыш, негізгіорта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;

3. Бастауыш, негізгіорта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау;

4. Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;

5. Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну;

6. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернатнысанында оқытуға рұқсат беру.

  Бөлім көрсететін барлық 19 мемлекеттік қызмет тегін.   

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігі 19 мемлекеттік қызмет стандартын дайындап, бекітті.   

Сараптама қорытындысы бойынша сұранысы жоғары мемлекеттік қызметтер:     

-Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау– 3304  мемлекеттік қызмет;

-Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі    (7 жасқадейін) жастағы балаларды кезекке қою– 1370 мемлекеттік қызмет;

- Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылармен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну– 1061 мемлекеттік қызмет.    Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бойынша толық ақпарат бөлімнің www.balkhash.goo.kz интернет ресурсында, сонымен бірге, бөлімнің және ведомстваға қарасты білім беру мекемелерінің дәліздерінде стендте жарияланған.

 

   Мемлекеттік қызметті  тиімді өткізіп және анықтығын қамтамасыз ету мақсатында Балқаш қаласының  халыққа қызмет көрсету орталығы мамандарымен 5 семинар, дөңгелек стол, брифинг, конференция өткізілді.      2015 жыл бойына  ішкі бекітілген жоспар бойынша білім бөлімінің структуралық бірліктерінде 18 тексеріс ұйымдастырылды, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша анықталған кемшіліктер ұсыныста көрсетілген мерзім ішінде жөнделді, жауапты тұлғалар тәртіптік шараға тартылды.

  2015 жыл қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет мерзімін бұзу және мемлекеттік қызмет бойынша шағымдану фактілері болған жоқ.