Размер шрифта:

1 желтоқсан - Тұңғыш Елбасы күні

Дата: 2012-12-04 10:39:46
1 желтоқсан - Тұңғыш Елбасы күні

 

2011жылы Қазақстан Республикасының Парламент Сенатында Тұңғыш ҚР Президенті күні болып қабылданды.

1 желтоқсан 2012 жылы қазақстандықтар үшін Елбасы күнін мемлекеттік мереке ретінде атап өтеді.

ҚР Тұңғыш президенті мерекесіне орай қала мектептерінде «Ұлт көшбасшысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты : Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз мемлекетті құрудағы еңбектерін, ұлт көшбасшысы, елдің экономикалық, әлеуметтік реформаларын қайта жаңғыртудағы ерен еңбегін насихаттау.

Көрме үш бөлімнен тұрады : «Тұңғыш Президент феномені», «Ерекше тұлғалық болмысы», «Көпшілік назарында». 5-7 сынып арасында «Менің Елбасыма тілегім» атты жүрекжарды тілектері жазылып, мектеп линейкада оқылып, мектепшілік газеттерде жарияланды.

Мектеп кітапханасында «Елбасының еңбек жолы», «Магнитка құрудағы көзқарасы», «Париж төріндегі жеңіс – олимпиада жеңісіндей».

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін құрушы , бірлік пен татулықты ,Ата Заңды сақтау адамзаттардың құқықтары мен еркіндіктерін қадірлеу туралы мектеп кітапханаларындағы өткен іс-шараларда кеңінен насихатталды.