«ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары» семинар- практикум
Дата: 2012-12-04 10:11:11
2012 жылдың 6 қараша күні №16 орта мектеп базасында әдістемелік бірлестіктің қалалық мектептерінің география пәні мұғалімдеріне арналған оқушыларды ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық бойынша семинар – практикум өткізді. Жұмыс барысында жылдар бойы тестілеуден жоғары көрсеткіш көрсетіп жүрген мұғалімдер тәжірибесімен бөлісті. Атап өтсек, география пәні мұғалімдері: Шайкенова К ( №7 мектеп- гимназия ), Жумабекова Б.Ө. ( №18 ОМ), Смирнова Н.Н. ( №17 ОМ), Сатбек С. (№15ОМ). Семинарда алдын ала тесттер нәтижелерінің талдауы жүргізіліп, қиын тақырыптармен жұмыс істеу, қайталауды ұйымдастыру, оқу материалының сабақтастығы бойынша, мәліметтерді блоктап беруге , тақырыптық тестерді қолдануға, нашар оқитын оқушылармен жеке жұмысы және ата-аналармен жұмыс істеу бойынша мұғалімдерге нақты ұсыныстар берілді.