Балқаш қаласы білім бөлімі мен білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламаларының орындалуы туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы мен «Балқаш қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2011-2015 жылдарға арналған» қалалық бағдарламаларын іске асыру бойынша Білім бөлімінде:
- «Балқаш қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2011-2015 жылдарға арналған» бағдараламасын іске асырудың жоспары жасалған.
- Білім бөлімінің сайтында «Сенім» телефоны, мемлекеттік қызметке орналасу, бөлімдегі бос орындар, мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне жіберу кезегі мен мемлекеттік қызмет көрсету ақпараттары жарияланған.
Барлық ақпараттар мерзімді жаңартылып отырылады. Сонымен бірге, мемлекеттік сатып алу конкурсы интернет-порталға жарияланады. Мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша кемшілктер анықталған жоқ.
- Бөлімнің қабылдау бөлмесінде келесі: ҚР «Заңды және жеке тұлғалардың өтінішін қарастыру тәртібі туралы»,мемлекеттік қызметшілердің «Ар-намыс Кодексі» және Н.Ә.Назарбаевтың «НұрОтан» ХДП-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумынының баяндамасындағы 8 қағидасы ілінген, арыз-шағымға арналған кітап пен жәшік бар.
Көрсетілген күндерге байланысты бөлім басшысы, бөлім басшысының орынбасары, қорғаншылық бойынша бас мамандар түрлі сұрақтарымен азаматтарды қабылдайды. Есепті жыл бойы мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын бұзу шаралары тіркелген жоқ.
-Айына 1 рет «Северное Прибалхашье», «Балқаш өңірі» газеттеріне «Сенім» телефоны мен қабылдау күндер бойынша ақпарат шығып тұрады.
- Айына 1 рет құзырлы органдарға сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылық фактілерінің бар/жоғы жайлы ақпарат ұсынылып отырылады.
- Жылына 1 рет барлық мемлекеттік қызметкерлер (жұбайлары) табысы жайлы декларация тапсырып отырады.
Сонымен бірге, білім беру мекемелерінде құқық қорғау ұйымдары өкілдерінің қатысуымен келесі шаралар өткізілді:
- «Жемқорлыққа жол жоқ» сұқбат(№15ОМ);
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қолдау көрсеткен тұлғаның қауіпсіздігінің кепілі» (№17ОМ) «Еңбек тәртібін бұзғаны үшін қарастырылатын жазалау түрлері» ( №5ОМ) дөңгелек столдары;
- «Жемқорлық қоғамға жат құбылыс» (№25ОМ), «Жемқорлықпен күрес күрделі міндет»(ОМ№16) семинарлары.
Оқу жылының соңында Білім бөлімі басшысының әр білім беру мекемесінде сыныптан сыныпқа көшу, мемлекеттік емтиханлардың өтуіне, қорытынды баға қоюда, қатаң есепті құжаттарды дұрыс толтыруын бақылауға жауапты тұлға бекіту туралы бұйрығы шығады.
Білім бөлімінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңына байланысты заңбұзушылық фактілері тіркелген жоқ.