Размер шрифта:

Конституция күні мен Білім күніне арналған іс-шаралардың өткізілуі жайлы ақпарат

Дата: 2012-09-03 05:43:25
Конституция күні мен Білім күніне арналған іс-шаралардың өткізілуі жайлы ақпарат

 

Жас ұрпақты қазақстандық патриотизмге, белсенді өмірлік көзқарасқа тәрбиелеу мен еліміздің рәміздеріне құрмет қарым-қатынасын қалыптастыру мақсатында барлық білім беру мекемелерінде 30 тамыз бен 1 қыркүек күндері келесі шаралар жоспарланып, өткізілді.

30 тамыз күні сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты шеру мен митинг ұйымдастырылып, оған 2000 оқушылар мен оқытушылар қатысты. Әр мектепті ҚР туын ұстаған сапшылар тобы бастап жүрді, балалардың қолында транспоранттар, шарлар, кішкене тулар болды.   Митингті қала әкімі Н.Аубакиров құттықтау сөзімен бастады. Соңынан қаланың мәдени орталығының күшімен ұйымдастырылған концерт қойылды.

1 қыркүйек мерекесі Конституция күні мен Білім күніне арналған салатантты жиын барлық білім беру мекемелерінде 2-11 сынып оқушылары үшін сағат 10.00-де басталды.

Жиыннан кейін дәстүр бойынша барлық оқушылар сынып сағаттарына кетті. Сұқбаттасу сағаттары әр түрлі: диспут сабақ, жоба сабағы, сұқбат сабағы түрінде өтті. Сынып сағаттарында әр түрлі техникалық жабдықтар пайдаланылды, атап айтқанда: интерактивті тақта, компьютерлер, музыкалық орталықтар т.с.с. Биылғы жылы сұқбат сабақтарына ата-аналар қоғамдастығы шақырылды.

Сағат 12.00-де Алғашқы қоңырау мерекесі басталып, қала әкімшілігі, білім бөлімі өкілдері, ата-аналары, мұғалімдері 1 сынып оқушыларын алғашқы білім күнімен құттықтап, сәттілік тіледі.

Сынып сағаттарынан соң сыныптан тыс шаралар басталды: сурет салу конкурсы, таза ауадағы ойындар, спорттық ойындар ұйымдастырылып, мектеп оқушылары қалалық мұражай мен қаланың айтулы жерлеріне саяхатқа шықты.

Барлық шаралар жоғары деңгейде, жақсы көңіл күймен ұйымдастырылды. Балқаш қаласының ІІБ өкілдері мерекелік шаралар барысында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етті.