Менің сүйікті қалам

Дата: 2012-09-01 04:06:20
Менің сүйікті қалам

 

Балқаш  қаласының 75-жылдығына орай «Күншуақ» бала бақшасында мерекелік ертеңгелік өтті. Ертеңгілікте қаламыздың шығу тарихын, қаламыз үшін еңбек еткен ағаларымыз-апаларымыз жайында танып білді. Балалар слайд шоу арқылы қаламыздың  алғашқы тұрғызылған кезі мен қазіргі кезенің тамашалады. Балалар қаламыздың көркі жайында айтып өтті.

Қаламыз Балқаш жайында өлең, тақпақтар оқылды, ән шырқап, әзіл әндер шырқалды,би биледі, ағылшын тілінде ән орындалды. Балалар көңілді ойындар ойнады. Балалар оркестрмен әр ұлттың күйлерін орындады. Мерекемізді салтанатты түрде Коноваловтың орындауынды «Мерекенмен Балқашым» әніңмен аяқтады.