Размер шрифта:

«Ата заң»

Дата: 2012-09-01 03:56:43
«Ата заң»

 

Баланың  алғашқы қадамдарынан бастап еліне деген, Ата Заңына деген құрмет балабақша қабырғасынан қалыптасады. Сондықтан әр – түрлі іс – әрекеттер арқылы қоғам ережелерін орындау, тәртіпке бағыну орын алмақ. Ол іс – әрекеттер оқу үрдісінде ,ойын – сауықтыру шараларында кездесіп тұрады. Осыған орай 29 тамыз күні «Ер Төстік» балабақшасында «Ата заң» атты кезекті іс – шара ұйымдастырылды. Бұл ойын – сауықтыру ісінде еліміздің негізгі Заңына деген құрмет ән айту, Отан туралы өлең  оқу, халықтар ойындарын ұйымдастырумен ұштасты.