Размер шрифта:

«Білім беру нысандары аймақтарын көркейту жайлы» ақпарат

Дата: 2012-08-20 11:25:46

17.07.2012 жылғы жиналыстағы баяндама

 

2011-2015 жылдарға арналған Балқаш қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мектеп аймақтарын көркейтуге арналған кешенді жоспарын іске асыру үшін 2011 жылы жергілікті бюджеттен 12430,1 мың теңге қаржы бөлінді.

№1,3,4,15,24 орта мектеп және №2 мектеп интернатын көркейту бойынша жұмыстар орындалды.

№4 орта мектеп әкімшілігі жөндеу жұмыстарының қорытындысына сай, сапасыз брусчатка салынғанына байланысты кепілдік міндеттемеге сай «Стройком 2009» ЖШС-не ұсыныспен шықты. Брусчаткаларды ауыстыру ағымдағы жылдың шілде айына жоспарланған.

 

Анықтама

№1 орта мектеп-фонтандарды жөндеу, брусчатка салу, шамдарды қайта құрастыру;

№3 орта мектеп- мектеп аймағын асфальттау;

№4 орта мектеп- ғимарат алдына брусчаткалар салу;

№15 орта мектеп- мектеп ауласын көгалдандыру;

№2 мектеп интернаты-қоршауларды жөндеу, жарықты орнату, ішінара брусчатка салу;

 

2012 жылы мектеп аймақтарын көркейтуге 18781,0 мың теңге қаржы бөлінді. Қазіргі  уақытта №17 орта мектептің қоршауын ауыстыру, орнату үшін «Мырзабеков» ЖК-мен 7873,0 мың теңгеге, №4 орта мектебі қоршауды жөндеуге және №9,10 мектептері «ЕвропластКZ» ЖШС-мен 10116,0 мың теңгеге жұмыс жүргізуде.

«Мектеп аулаларын көркейту» бағдарламасын іске асыру мен тартымды сыртқы пішін жасау, білім беру мекемесінің қалыптасқан беделін сақтау үшін әр білім мекемесінде мектеп аулараларын көркейтудің келешектегі жоспары жасалған.

2010 жылы №2 лицейде «Жол картасы-2010» бағдарламасы аясында 16426,3 мың теңге қаржыға спорт алаңдары, қоршаулар, асфальт төсеу мен брусчатка салу  секілді жөндеу жұмыстары  жүргізілді

 

Әкімдіктің қолдауымен мектеп аулаларына 245 шырша, 3387 жапырақты ағаш,1632 қарағаш, 1755 қайың отырғызылды. Бүгінгі күні 218 шырша, 3358 жапырақты ағаш, 1618 қарағаш, 1746 қайың ағашы қалды.

2011 жылы 660 қарағаш пен 395 қайың отырғызылды.

2012 жылдың көктем айларында ата-аналардың демеушілік көмегімен  500 бұта мен жеміс ағаштары  отырғызылды.

Отырғызылған жасыл желектер ұқыпты сақталады, ағаштардың діңгектері әктеліп, қураған бұталары кесіліп отырады.

Оқушылар бойына патриоттық, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін дарыту мен ата-аналар қоғамдастығын ақпараттандару мақсатында 2012 жылы келешектегі жоспарларымен барлық білім беру нысандарының аймақтық паспорты жасалған.

 

Анықтама

Паспортқа:

-нысанға мінездеме мен көркейту жобасы;

- Мектеп ауласының сызбасы, іс-шаралар жоспары енгізілген.

 

2010 жылдан бастап ландшафтық-безендіру жұмыстары жүргізілуде, альпі таулары құрылуда. Аталған іске табиғи немесе қолдағы бар құралдар пайдалануда. (табиғи тастар, құм) Сонымен бірге кіші сәндік мүсіндер орнатылуда.

Мектеп ұжымы оқушыларымен бірге мектеп ауласының өзіндік жеке эстетикалық бейнесін  жасау үшін гүл қондырғыларын құрайды, секторларға түрлі (петунья, түймедағы, барқыт гүлін, ирис, флокс) гүлдерін отырғызады.

№15 орта мектебі республикалық «Гулзар» қоғамымен өзара қарым-қатынас жасауға келісім-шартқа отырған. «Гүлзардың»  ғылыми қызметкерлері шағын газондарды, клумбаларды құрауды жобалау, ағаштар мен жас бұталарды отырғызу мен күтуге байланысты әдістемелеік, практикалық көмек көрсетеді, көп жылдық гүл өсімдіктерінің тұқымымен қамтамасыз етеді. 2 жыл бойы мектептің қысқы бағында мектеп алаңының шағын газондарына қажетті өскіндерді өсіріп келеді.

Сәуір айында шағын газондарды жоспарлаудың алғашқы нұсқасына сай, жер-бөлу жұмыстары орындалды.

Көркейту жобалары суару, көшені жарықтандыру секілді коммуникациялық жұмыстарды да қамтиды.

Суару жүйесі қолда  бар, алайда орталықтандырылған су беру жүйесі болмағандықтан, суару жүйесін ревизиялау жасалмаған.

Қазіргі уақытта суару мектептің техникалық  қызметкерлері мен оқушылардың жазға еңбек отрядтарының күшімен іске асырылады.

Қоңырат, Гүлшат, Саяк кенттерінде суару жүйесінің болмауына байланысты № 3,6,25,27,29 мектептердің көгалдары колмен суарылады.

Көшені жарықтандыру жүйесі барлық білім беру нысандарында бар.

         Мектеп аймағындағы спорт алаңдары негізгі бөлігі болып саналады, себебі оқушылардың көп уақыты сонда өтеді. Жүгіру,секіру жолын,  баскетбол, футбол  ойындарының алаңдарын  жинақы орналастыру қажетті елементтердің бірі болып саналады.

Қазіргі уақытта спорт алаңдарын қайта жаңарту мәселесі туындап отыр. Білім беру мекемелерінің өз күшімен алаңдардың техникалық  пайдалану іске асырылуда: бояу жұмыстары,  техникалық қауіпсіздік ережелеріне сай, баскетбол, футбол торларын ауыстыру , баскетбол, волейбол  щиттері мен діңгектерінің орнықтылығы мен сапасын, стандартқа сай емес құрылғыларды  тексеру жұмыстары жасалады.

Биылғы жылы №4 лицей мен № 8 орта мектепте көпсалалы хоккей корттарын орнату үшін жергілікті бюджеттен 14000,0 мың теңге қаржы бөлінді.

Ойнау алаңдарының балалардың  дем алуы мен ойнауының орны болып табылады. №2 лицейде, №5,7,9,15,24,25 орта мектептерде жалпы құны 5604,0 мың теңгеге ойын алаңдары жасалды. Ағымдағы жылы №24,29 орта мектептерде орнату 1725,0 мың теңгеге жоспарланып отыр.

Барлық мектептерде визуальды және иллюминациялық жарықпен безендіру: Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын насихаттау мен білім беру, Балқаш қаласының 75 жылдық мерейтойы тақырыбына арналған баннерлер, брандмаузерлер бар. Композиялық бірлік пен тұтастық талаптары сақталған.

Мектепке тиісті аймақтың болмауына байланысты жалпы типті мектеп интернатына балалар және спорт алаңдарын салу мәселесі шешілмей отыр.

Тамыз кеңесінде «Мектеп ауласы» қалалық конкурсының қорытындысы шығарылады.