Размер шрифта:

Білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі «Ақбота балабақшасы».

Дата: 2012-08-17 04:17:55

 

«Ақбота» балабақшасында 15 тамыз  2012 жылы тамыз айлық педагогикалық конференциясы өтті.  Тақырыбы: «Білім беру жүйесін модернизациялау – адамдық капиталдың сапалы өрістеуінің негізгі бағыты» Педагогикалық конференцияны Балқаш қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Бектұрғанова Ә.О. ашты. Күн тәртібінде қала балабақшаларының жаңа оқу жылыңа дайындықтары және істелген жұмыстардың сараптамасы қаралды. Қазақстанда адамдық капиталдың сапалы өсуі - ол  білім және денсаулық жетілдіру.  Білім жүйесін модернизациялауда  біз келесі жағдайларды – біріншіден – оқу процесіне жаңа әдістемеліктермен технологияларды, екіншіден – педагогтар құрамының сапасын көтеру, үшіншіден – санаттарын көтеру жүйесін дәлелдеу керек.  Екінші мәселесінде «Бөбек» балабақшасының меңгерушісі Кадырманова Р.Ж. 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие – үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық деп Н.Ә. Назарбаев сөзімен бастады. Балабақша педагогтары қолданатын технология түрлерімен таныстырды. «Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында патриоттық тәрбиенің қалыптасуы» - атты тақырыпта «Ақбота» балабақшасының меңгерушісі Кішкентаева А.Б. сөз алып,  балаларды патриоттық сезімге, өз елін, туған жерін, салт-дәстүрін сүюге тәрбиелеу мақсатын көздеді. «Ручеек» балабақшасының әдіскері Лапина Л.А. қатысушыларды дидактикалық ойының технологияларымен таныстырды.

Тамыз айының конференциясы қорытындылаумен аяқталып, қатысушылар бір-біріне денсаулық, шығармашылық, табыс тілеп тарасты.