Размер шрифта:

«Білгірлер мен білгіштер» ойыны.

Дата: 2012-06-12 06:09:23
«Білгірлер мен білгіштер» ойыны.

 

№2 Абай атындағы лицейде қазақ мектептері арасында  мамырдың екісі күні интеллектуалды ойынның үшінші туры өтті.

Ойынның мақсаты: Қазақстан тарихы, Адам, Құқық, Қоғам, Дүниежүзі тарихы пәндерінен дарындыларды анықтау.

Ойынның І бөлімінде әр мектептен 5 оқушы Адам.Қоғам.Құқық және Дүниежүзі тарихы пәндері бойынша жазбаша жұмыс орындады.

ІІ бөлімінде Қазақстан тарихы пәні бойынша әр мектепке сұрақтар қойылды. Дұрыс жауап берген оқушылар алқаға ие болып отырды.  Алғашқы 6 алқа жинаған  3  оқушы  финалға шықты. Олар:

1.     №2 Абай атындағы лицейдің оқушысы  Жұмадилова Қарлыға

2.     №15 орта мектептің оқушысы Ахмедия Шәкірім

3.     Қалалық гимназия оқушысы Бейсембай Әділжан

       Ойын нәтижесі бойынша командалық есепте

І орынды №2 Абай атындағы лицей,

ІІ орынды №7  мектеп-гимназиясы,

 ІІІ орынды 15 орта мектеп иемденді.

Әділқазылар алқасының төрағасы ҚР білім беру ісінің үздігі,зейнеткер ұстаз Әйкеш Гүлнар Мұсылманбекқызы қоғамдық пәндердің  басқа пәндерден ерекшелігіне тоқтала отырып,арнайы мадақтамаларды тапсырды.

Ал жекелеген оқушылар арасында

І орынды №2 Абай атындағы лицейдің 10 сынып оқушысы Жұмадилова Қарлыға,

ІІ орынды №15 орта мектептің 10 сынып оқушысы Ахмедия Шәкәрім,

ІІІ орынды қалалық гимназияның 9 сынып оқушысы Бейсембай Әділжан иеленді.