Құрметті ата-аналар!
Ағымдағы жылдың 6 сәуірінен бастап Балқаш қаласындағы барлық орта білім беру ұйымдары қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып оқытуға көшуде. Қашықтан оқытуға көшу қажетті шара екенін бәріміз түсінуіміз керек. Сондықтан барлығымыз үшін туындаған мәселелерді, проблемаларды бірлесе және уақтылы шешу өте маңызды.
Көптеген ата-аналар балаларының қашықтықтан оқыту процесі қалай жүретініне алаңдайды. Баланы қалай дайындау керек, бағдарламаны ұстану үшін қандай ресурстарды пайдалану керектігі әрдайым анық бола бермейді.
Қашықтан оқыту технологиясын қолдану арқылы оқу процесі бекітілген сабақ кестесімен Мемлекеттік білім беру стандарттарына, типтік оқу жоспарлары мен бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырылады. Барлық мектептерде икемді оқыту формасын қамтамасыз ету үшін сабақ кестесіне түзетулер енгізілді.
Айтуым керек, балаларды қашықтықтан оқыту оңай емес. Мұғалімдердің осы бағытта тәжірибесі жоқ, өйткені бұл олардан талап етілмеді. Бірақ мұғалімдердің белгілі бір дағдылары бар, мұғалімдер үнемі қашықтан оқытудың әртүрлі форматтарымен жұмыс істейді: сабақтарда сандық білім беру ресурстарын және электрондық оқулықтарды кеңінен қолданады, электронды журнал жүйесінде жұмыс істейді.
Каникул күндері біздің барлық ұстаздарымыз жаңашылдыққа белсенді түрде дайындалып жатыр: олар қашықтықтан оқыту саласындағы педагогикалық шеберліктерін жетілдіруде, әдіснамалық қоржындарын толықтыруда, болашақ сабақтарға арналған материалдарын іріктеуде, оқу порталдары арқылы сабақтардың бейне таратылымын қолдануын зерделеуде және сынақтан өткізуде, қашықтықтан оқытудың және өзіндік жұмыстың әдістерін жетілдіруде.
Қашықтықтағы сабақтарды өткізу үшін:
- bilimal.kz электронды журналдары - видео сабақтарды, цифрлық білім беру ресурстарын орналастыру, оқушыларға үй тапсырмасын ұсыну және кері байланыс (мұғалімдердің ескертпелері мен ұсыныстары, анонстар түрінде ата-аналарға хабарлау, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау жүргізу, оқушыларға үй тапсырмасын беру және он-лайн режимінде) тексеру, қысқа және кеңейтілген түсініктеме түрінде кері байланыс)
- Bilimland.kz, sabak.kz, youtube.com және Zoom, Skype, Moodle, Opiq.kz платформалары және басқа қосымшалар. Осы платформалар тақырыптар бойынша видео сабақтарды тарату үшін қолданылады.
- Daryn.online.kz: қазақ тілінде дайындалған сабақтар орналастырылады.
- Мектептегі сайттар, әлеуметтік желілер: Facebook, Instagram және т.б. - барлық өткізіліп жатқан оқу және тәрбие процестерінің дайындалған бейне мазмұны орналастырылады
- Бұлтты қызметтер: Google Drive, Yandex Disk, Mail.ru Disk, Dropbox және т.б.
Сонымен қатар, 6 сәуірден бастап теледидарлық сабақтар 1-11 сыныптардағы оқыту тілдерінде (қазақ, орыс) өтеді. Бейне сабақтар республикалық теледидарда «Балапан» және «Ел арна» бағдарламасында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің келісімімен жарияланады.
Сонымен қатар, қиындықтарға тап болған оқушылар мен олардың ата - аналарына осы қиындықтарды жеңілдету үшін мектептер барлық ашық интернет-ресурстар туралы дайындаған нұсқаулық жібереді. Онда интерактивті білім беру порталдары, сайттар бойынша ақпарат бар.
Жәнеде, білім бөлімі қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мен өткізуді қатаң бақылауда ұстайтындығына назар аударамын. Әр мектепке білім беру бөлімінің кураторлары тағайындалды, олар күнделікті бақылау жасап, әдістемелік қолдау көрсетеді.
Ата - аналар өздерінің пікірлерін, сұрақтары мен ұсыныстарын әр мектептің интернет - порталында, сонымен қатар Балқаш қаласының білім бөлімінің Call-орталығында қалдыра алады.
Мен барлық ата-аналарды жаңа оқу режиміне түсіністікпен қарауға, баласына оқу материалын игеруге, мұғаліммен байланыс орнатуға және туындаған мәселелерді бірлесіп шешуге көмектесуге шақырамын. Өйткені, қазір мұғалім, оқушы және ата-ана өзара тығыз қарым-қатынаста болу керек. Сонда ғана біз қиындықтарды жеңіп, оқу процесін дұрыс ұйымдастыра аламыз, балаларға қажетті білім мен дағдыларды береміз.
Білім бөлімінің басшысы: Г.Ж.Агдарбекова
29/03/2020