Білім бөлімі басшысының уәкілеттілігі

Дата: 2012-05-02 09:41:35

 

1.Қызметтері

Білім бөлімі басшысына төмендегі қызметтер жүктеледі:

  • Білім  бөлімінің құзырлығы аясында Балқаш қаласының мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарына әдістемелік басшылық және бақылау жүргізеді;
  • Халықтың білім саласындағы қажеттіліктерінен туған өзгерістерге болжамдар жүргізіп, қаланың білім және спорт жүйесінің даму бағдарламасын әзірлейді, білім беру саласының даму бағдарламалары бойынша қала әкіміне ұсыныстар жасайды;

2.Лауазымдық міндеттері

Өзіне жүктелген қызметтерді орындау үшін білім бөлімінің басшысы міндетті:

  • Барлық органдар, мекемелер мен ұйымдар, сонымен қатар азаматтық құқықтық қарым-қатынастардан тұратын барлық салада «Бөлім» мүддесін қорғауға;
  • Қолданыстағы заңдылықтарға байланысты келісім шарттар құруға және мүлікке иелік етуге;
  • Бөлім туралы ережелерді, қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін бекітуге, міндеттерді бөлуге, басшылар мен орынбасарлардың өз міндеттерін атқарудағы жауапкершілік деңгейлерін анықтауға; жауапкершілік деңгейлері лауазымдық міндеттермен анықталады;
  • Қаланың ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшыларын тағайындауға және босатуға, лауазымдық ауыстыруларды іске асыруға, «Мекеме» бөлімдерінің қызметкерлері мен жетекшілерін марапаттауға және тәртіптік жазаға тартуға;
  • Бөлімге қатысты сұрақтар бойынша қалалық маслихаттың қаулы мен шешім жобаларын, әкімдіктің қаулыларын, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерін әзірлеуге,
  • Жоғарыда тұрған органдардың реттеуші құжаттарының орындалуына бақылау жасауға.;
  • Жеке сұрақтар бойынша қабылдау жүргізуге;

3.Құқықтары

Білім бөлімі басшысының құқықтары:

  • Білім бөлімінің қызметіне қатысты шешім және өкім жобаларын қалалық әкімдіктің қарауына енгізе алады;
  • Осы лауазымдық нұсқаулықта қарастырылған міндеттермен байланысты білім бөлімінің жұмысын жетілдіру бойынша қала әкімінің қарауына ұсыныстар енгізе алады;
  • Ведомстволық бағыныстағы білім ұйымдарының жетекшілерімен өзара ықпалдастық жасайды, лауазымдық міндеттерін орындауға қажетті ақпараттар мен құжаттарды талап ете алады:

4. Жауапкершілігі

Білім бөлімі басшысының жауапкершілігі:

  • Мемлекеттік қызмет көрсету туралы қолданыстағы заңдылықпен анықталған , лауазымдық нұсқаулықта қарастырылған өз міндеттерін орындамағаны үшін;
  • Бюджеттік қаржыны мақсатты, тиімді қолдануға;
  • Қызметтік әдеп ережелерін сақтауға;
  • Өз қызметінің барысында жіберген заң бұзушылығы үшін; ол қолданыстағы әкімшілік, қылмыстық және азаматтық заңдылықтармен анықталады
  • Материалдық зиын келтіргені үшін;ол еңбек, қылмыстық және азаматтылық заңдылықтармен анықталады;