XIV қалалық жас жол инспекторларының слеті

Дата: 2012-04-23 11:37:07
XIV қалалық жас жол  инспекторларының слеті

2012 жылдың 19-шы сәуірі күні Балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен жол-көліктері оқиғаларын ескерту жүмыстарын жетілдіру мен қызығушылық білдіріп отырған қоғам мен ұйымдардың балалардың жол-көлік кеселдері қиындықтарына  назарын аудару мақсатында 14-ші қалалық жас жол инспекторлар слеті болып өтті.

Мұсабеков Ғабит Айтжанұлы

жол полициясы ардагері 

Жас жол инспекторлары отрядтарына

бағыт парағын тапсыру сәті

 

Қазылар алқасының отырысы

Қазылар алқасы мүшесінде: Айхымбаев М.Т.- Балқаш қаласының ішкі істер бөлімінің ЖПБ бастығы, Мұсабеков Г.А. - жол полициясы ардагері подполковник, Кульчуков Р.Т. - Балқаш қаласының жүргізушілер одағының төрағасы, Қасымов Т.Р.- «Отан» автомектебінің директоры, Айдаров С.А., Омаров Р.К.- Балқаш қаласының ішкі істер бөлімінің ЖПБ қызметкерлері, Байбосынов Е.М.- Балқаш қаласының аймақтық қорғау және мобильді дайындық  тобының бастығы, Байтөлеуов С.Б. - жүргізушілер одағының ұстазы, Жақыпбекова И.М. - орталық аурухананың жедел жәрдем бөлімінің фельдшері, Садвокасова О.К. - қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, Тұқтышева Г.Ш. - білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері, Рахымжанова Г.К. - Оқушылар сарайының қосымша білім беру ұстазы, Заболотная Я.В. - Өнер мектебінің ұстазы, Цветкова А.В.  -«Северное Прибалхашье» газетінің тілшісі, Аманқұлов Қ.С.-  «Балқаш өңірі» газетінің тілшісі. 

Слетке 6-8 сынып оқушыларынан  150 жас жол инспекторлары қатысы.

«Жас жөнге салушы» байқауы

«Жас тілші»байқауы

 

 «Бағдаршам»үгіт-насихат топтарының байқауы

«Саптық байқау»

 

«Жас тазалықшы»байқауы

 

 «Велосипедпен өрнектеп жүру»байқауы

«ЖЖЕ білгірлері»байқауы 

 

 «Жас білімдар»байқауы

 

«Менің отрядым» презентация байқауы

Номинациялар бойынша жеңімпаздар - «Үздік агитбригада» номинациясымен - № 4 орта мектептің «Сигнал» тобы, «Үздік тілші» номинациясымен -№ 17 орта мектеп оқушысы  Кузьмина Анна, «Үздік тазалықшы» номинациясымен - № 4 орта мектеп оқушысы Баган Мария, «Үздік білімдар» номинациясымен -№ 1 орта мектеп оқушысы Искакова Альфия, «Үздік жөнге салушы » номинациясымен - № 7 мектеп-гимназия оқушысы Шынарбек Мадияр, «Менің отрядым» презентация» номинациясымен - № 16 мектеп отрыды, «Велосипедпен өрнектеп жүру» номинациясымен - № 2 мектеп-инетнатының оқушысы Каригулов Диас, «ЖЖЕ білгірлері» номинациясымен - № 5 орта мектеп отряды, «Саптық байқау» номинациясымен -  № 7 мектеп-гимназия отряды, «ЖЖИ ең үздік киім үлгісі» номинациясымен - № 15 орта мектеп отряды марапатталды. 

 

XIV-ші қалалық жас жол инспекторлары слетінің жеңімпаздары

 1 орын

№15 орта мектептің«Жас жол жасақшылары»тобы

2 орын

қалалық гимназияның «Клаксон» тобы

3 орын

 № 7 мектеп-гимназиясының «ДПС» тобы

3 орын

Абай атындағы № 2 лицейдің «Сәт сапар» тобы

Барлық жеңімпаздар Балқаш қаласының жол полициясы басқармасының дайындаған бағалы естелік сыйлықтарымен және 1,2,3-ші дәрежелі дипломдармен марапатталды.

 

Слетке қатысушыларға № 15 орта мектеп оқушылары концерттік бағдарлама көрсетті.