Білім беру нысандарында жөндеу жұмыстары жалғасуда

Дата: 2020-06-08 09:12:13
Білім беру нысандарында жөндеу жұмыстары жалғасуда

Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап мердігерлік ұйымдар №5 ЖББОМ және №24 ЖББОМ жылу жүйелерін жөндеуге кірісті, №2 ЖББОМИ-да жатақхананың шатыры мен сыртқы жылу трассасы жөнделеді. №3 ЖББОМ-те санитарлық тораптар мен асхананы жөндеуге кірісті. Жөндеу жұмыстары мерзімінде басталып, желілік кестеге сәйкес жүргізілуде.