Жаңалықтар

" Ұлағат"

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2023-02-09 14:08:49
4.02.2023ж Отбасылық құндылықтарды нығайту мақсатында мектеп- лицейдің " Ұлағат" әкелер мектебі жетекшісі, дене шынықтыру пәні мұғалімі Нұрлан Умырғалыұлының жетекшілік етуімен, әкелер және оқушылардың қатысуымен ВОЛЕЙБОЛ ойыны ұйымдастырылды. Қызу тартыспен өткен ойын нәтижесінде жүлделі   1-ші орынды ӘКЕЛЕР командасы                &nbs...

"Көңілді құрт" мүсін терапиясы

Дәреже: Тәрбие беру процессі
Дата: 2023-02-09 13:58:56
02-03.02.2023 күні "Көңілді құрт" тақырыбында 1 сынып оқушылары үшін мүсін терапиясы жүргізілді. Мақсаты: оқушылардың ұсақ моторикасын, ойлауын, қиялын дамыту. Оқушылардың бойында шыдамдылықпен тиянақтылыққа баулу. 

"Электронды темекінің зияны"

Дәреже: Тәрбие беру процессі
Дата: 2023-02-09 13:52:34
3.02.2023ж Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қатысуымен құқықтық сауаттылық апталығы аясында "Электронды темекінің зияны" тақырыбында ұйымдастырылған вебинарға 8-10 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар өз денсаулықтарына зиянын тигізетін әдеттер мен әрекеттер туралы кеңестер алды.

"Жолда абай болайық!"

Дәреже: Тәрбие беру процессі
Дата: 2023-02-09 13:40:13
2 сыныптарда "Жолда абай болайық!" Тақырыбы аясында сынып сағаты өтті. Ондағы мақсат оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс-жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу. Оқушылар сабақ барысында түрлі әдіс- тәсілдерді қолдана отырып,өз ойларын ортаға салып алған білімдерін өмірмен байланыстыра білді.

"Математика" апталығының ашылу салтанаты

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2023-02-09 12:47:09

Ондық бөлшектерді қосу және азайту.

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2023-02-09 12:19:39
Ондық бөлшектерді қосу және азайту.
2023 жылдың 1-7 ақпан аралығында 5 «а» сыныппен Lesson study тізбектелген 3 сабағы жүргізілді. Үш сабаққа тақырып пен оқу мақсаты ортақ.  Тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайту. Оқу мақсаты: 5.1.2.27 Ондық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау. Сабақтарда «Эстафета», «Ойлан, бөліс, топтас», «Миға шабуыл», «Тарсия» әдіс-тәсіл...

«Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер.

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2023-02-09 12:15:22
«Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер.
Жаратылыстану – математика бағытының онкүндігінің жоспарына сәйкес жаратылыстану пәнінің мұғалімі Садуов Б.Е 6 сыныпта ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер. Сабақтың мақсаты: Тыныс алған кезде және шығарғандағы ауа құрамындағы айырмашылықты анықтау. Сабақтың жоспары  білім беру стандартына сай жүйелі нақты құрылған. Сабақ барысында мұғалім...

"Оқушылар өміріне қауіп келтіретiн ойындар"

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2023-02-09 11:52:52
Балқаш қаласы ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция капитандары Кобельдесова С.Т. мен Аян Алтайұлы бiрлесiп "Оқушылар өміріне қауіп келтіретiн ойындар" 8-10 сыныптар арасында дәріс жүргізді. 

"Ананың көңілі балада..." тақырыбында мектеп-лицейдің "Парасат" аналар кеңесінің отырысы болып өтті.

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2023-02-09 11:46:11
2.02.2023ж "Ананың көңілі балада..." тақырыбында мектеп-лицейдің "Парасат" аналар кеңесінің отырысы болып өтті. "Парасат" аналар кеңесінің болашақтағы жоспарлары мен өткізілетін іс-шаралары талқыланды. Балаларды тәрбиелеу, отбасының сақталуы, қыз балалардың тәрбиесі сынды мәселелерде Аналар кеңесі рөлінің маңыздылығы туралы пікірлер айтылды. Мен үш нәрседен қорқ...

Хабарландыру! "Тәуелсіздік рәміздері" викторина

Дәреже: Мектеп парламенті
Дата: 2023-02-09 11:41:03
Автор: №6 ОМ

"Құқық бұзушылықтың алдын алу" туралы Заң

Дәреже: Тәрбие беру процессі
Дата: 2023-02-09 11:32:49
Балқаш қаласы ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Аян Алтайұлы "Неке және Отбасы Заң", "Құқық бұзушылықтың алдын алу" туралы Заң, Қала көшелерінде дұрыс жүру, тәртіп және әдепті ұстау туралы құқықтық дәрістер жүргізді.

бiрiншiсi 1 268 269 270 271 272 2016 соңғысы