25 қазан – еліміз үшін маңызды даталардың бірі. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды.

25 қазан – еліміз үшін маңызды даталардың бірі. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды.
25 қазан – еліміз үшін маңызды даталардың бірі. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл ел тәуелсіздігінің алғашқы қадамы еді.
Қазақстан Республикасы күніне орай 23 қазанда мемлекеттік әнұран орындалған салтанатты жиын өтті. Мектеп директоры Сыздықова С.Қ. студенттерді, ұстаздарды құттықтап, ұлттық мерекенің еліміз үшін маңызына тоқталды. 6-сынып оқушылары «Менің Қазақстаным» үгіт-насихат тобымен сапта өнер көрсетті, ал «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатары жаңа мүшелермен, 5-сынып оқушыларымен толықты. Ұланбасы ЖОББМ жетекшісі А.Нағметжанова балаларды құттықтап, барлық іс-шараларға, байқауларға белсене қатысып, үздік оқуларына тілектестік білдірді.
Дата: 23.10.2023, 16:52 Автор: №3 жалпы білім беретін мектебі