16 қазан Дүниежүзілік нан күні.
16 қазан Дүниежүзілік нан күні. Нан – адам өмірінің, денсаулығының, әл-ауқатының белгісі, табиғат пен адам еңбегінің ең ежелгі және таңғажайып өнімдерінің бірі. Біздің өміріміздің бір күні де нансыз өтпейді. Дүниежүзілік нан күнін мерекелеуге орай «Нан – бәрінің басы» атты тақырыптық лента өткізілді.
Мақсаты мектеп оқушыларына нанның адам үшін қаншалықты маңызды екенін, дастарханымызға нан әкелу үшін неше түрлі мамандық иелерінің еңбек ететінін айту болды. Жүргізушілер нанның дастарханда пайда болу тарихына тоқталып, балаларды нан өсірудің қаншалықты қиын екенін, дәннен хош иісті нанға дейін қандай ұзақ жолды өтетінімен таныстырды.
Дата: 23.10.2023, 15:17 Автор: №3 жалпы білім беретін мектебі