"The 21st century is the century of the literate generation"
Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының бастамасымен 16-20 қаңтар аралығы «ХХІ ғасыр - сауатты ұрпақ ғасыры!» атты оқу сауаттылығы апталығы басталды. Мақсаты: Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру негізінде гуманитарлық пәндердің мүмкіндіктерін анықтай отырып, оқушылардың танымдық қызығушылығын, жеке, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқу сауаттылығы апталығы жоспарына сәйкес 16 қаңтар күні 1 - 10 сынып аралығында "Мен елімнің ертеңімін! " тақырыбында сынып сағаттары мен «ХХІ ғасыр - сауатты ұрпақ ғасыры!» атты саптық жиыны өтті.
Дата: 19.01.2023, 10:48 Автор: №3 жалпы білім беретін мектебі