"Адалдық сағаты"

Жоғары өнегелі, жауапты, бастамашыл және әлеуметтік сауатты азамат пен патриоттың қалыптасуы мен дамуына жағдай жасау мақсатында "Адал ұрпақ" мектеп клубы жұмыс істейді. Наурыз айында "Адал ұрпақ" клубының мүшелері "Адал болу деген нені білдіреді?", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге" атты іс-шаралар жүргізді. Оқушылар сыбайлас жемқорлықтың қандай формада болатынын, сыбайлас жемқорлықтың себептерін талқылады, сонымен қатар бірнеше жағдайларды талдап, шешім қабылдауға үйренді.

Дата: 16.03.2021, 15:35 Автор: №3 жалпы білім беретін мектебі