"Ауғанстан – тірі естелік"

Оқушыларды Ауғаныстандағы соғыстың тарихымен таныстыру, өздерінің әскери борышын ерлікпен орындаған Ауған балалары, әскери іс-қимылдарға тікелей қатысушылар туралы айту, отансүйгіштік пен Отанды қорғауға әзірлікті қалыптастыру мақсатында "Ауғанстан – тірі естелік" атты сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттары Кеңес әскерлерінің Ауғаныстаннан шығарылғанына 32 жыл толуына орайластырылған. Уақыттың өз жады-тарихы бар. Сондықтан әлем әр түрлі дәуірлерде планетаны дүр сілкіндірген трагедияларды, соның ішінде миллиондаған адамның өмірін қиған, өркениеттерді артқа тастаған, адам жасаған ұлы құндылықтарды жойған қатыгез соғыстарды ешқашан ұмытпайды. Ауған соғысы біздің халқымыз үшін осындай қайғылы оқиға болды. Ауған жерінде кеңес әскери қызметшілері табысты ұрыс қимылдарының берік негізіне айналған өздерінің жауынгерлік шеберлігін, ұйымдастырылуы мен жоғары моральдық-жауынгерлік қасиеттерін көрсетті.

Дата: 15.02.2021, 15:35 Автор: №3 жалпы білім беретін мектебі