"Математика айналамызда"

Облыстық "Зейін" жобасы, "Математика айналамызда" математикалық сауаттылық апталығы аясында математика апталығының жабылуына арналған салтанатты жиында қорытынды жасалды.
Математика пәнінің мұғалімі Тлеулина М.К. апта бойы ерекше көзге түскен оқушыларға грамоталар, дипломдар мен сыйлықтар табыс етті.
Оқушылардың "Мен және менің отбасым сандарда" атты үздік жобалары, "Менің өмірімдегі математика" шығармашылық жұмыстар байқауының, "Математикасыз күн" эссе байқауының және т. б. жеңімпаздары марапатталды.
Дата: 30.01.2021, 11:31 Автор: №3 жалпы білім беретін мектебі