"Өзін – өзі тану - махаббат пен шығармашылық педагогикасы"

"Өзін – өзі тану - махаббат пен шығармашылық педагогикасы" іс-шаралары шеңберінде балалар бойында әсемдік сезімін дамыту, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, туған-туыстарына, достарына сүйіспеншілік көрсетуге ұмтылу мақсатында оқушылар "Махаббатқа толы жүрек" тақырыбына эссе жазуға қатысты. Балалардың жұмыстары шынайылықпен ерекшеленді, жан-тәнімен жазылды, әр эссе өзінше қызықты болды. Өз эсселерінде оқушылар махаббат, мейірімділік, өзара көмек сияқты қасиеттерді ашты.

Дата: 25.01.2021, 11:23 Автор: №3 жалпы білім беретін мектебі