Кітапханаға бару

Кітапханаға бару

Бүгін балалар Қоңырат кентінің кітапханасына барды.Онда кітапханашылар «Кітап біздің досымыз» атты кітапханалық сағат өткізді. Балалар көптеген қызықты кітаптар, кітаптың алғаш шығуын және  әртүрлі ертегілерді білді. Ертегілер мен көркем әдебиеттер бойынша викториналарға белсене қатысты, және балалар түрлі-түсті қағаздан ертегілер кейіпкерлерін қағаздан жасап көрмеге қойып көрсетті.

Дата: 12.06.2018, 14:36 Автор: №3 ОМ