Жер сілкінгенде әр адам білуі керек қарапайым амалдар

Жер сілкінгенде әр адам білуі керек қарапайым амалдар
Жер сілкінгенде әр адам білуі керек қарапайым амалдар
Жер сілкінісі кезінде:
Үрейленіп жүгіруге;
Есікте кептеліс жасауға;
Лифтіні қолдануға;
Баспалдақ аралығына шығуға;
Балконға шығуға;
Жоғарғы қабаттың терезесінен немесе балконынан секіруге;
Майшамды, сіріңкені, оттықты қолдануға, электр қуатын қосуға болмайды.
Зілзала кезінде не істеу керек?
Ғимараттың шайқалғанын сезгенде, шамдардың теңселгенін, заттардың құлағанын көргенде, сынып жатқан әйнектің дауысын естігенде, үрейленбеңіз.
Егер үйіңіз бірінші қабатта, далаға шығар есіктің жанында болса, онда құжат пен ақшаны, қажет заттарды алып, ғимараттан тез шығыңыз.
Далаға шыққаннан кейін ғимараттан алыс және ашық жерге барып тұрыңыз, тар көшелерде жүрмеңіз.
Үзілген сымдардан сақтаныңыз.
Сабыр сақтап, басқаларды да тыныштандыруға тырысыңыз.
Ғимараттың ішінде қалуға мәжбүр болсаңыз, онда:
Отырыңыз да, басыңызды бір қолыңызбен  бүркеңіз,  ал екінші қолыңызбен берік орнатылған бір затты ұстаңыз;
Қауіпсіз жерлерге: ішкі қабырғаның жанына, бұрышына, есіктің жақтауына немесе негізгі тіреуіштің жанына тұрыңыз;
Мүмкін  болса,  үстелдің  астына тығылыңыз, ол сізді құлап жатқан заттар мен сынықтардан қорғайды;
Терезе мен ауыр жиһаздардан алыс тұрыңыз;
Майшам мен сіріңкені, оттықты  қолданбаңыз, электр қуатын қоспаңыз — газдың шығып кету салдарынан өрт тұтануы мүмкін.
Дата: 26.02.2024, 16:30 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі