Өрт болған жағдайда және террорлық қауіптің алдын алу

Өрт болған жағдайда және террорлық қауіптің алдын алу
2023 жылдың 26 қазанында Балқаш қаласы «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-де «Өрт болған жағдайда және террорлық қауіптің алдын алу» мақсатында оқу-жаттығу, эвакуациялау жұмыстары қалалық ТЖМ өкілдерімен бірігіп ұйымдастырылып өткізілді. 
Эвакуацияның мақсаты: Оқушыларға және мектеп қызметкерлеріне өрт болған жағдайда және террорлық қауіп төнген кездегі іс-әрекет алгоритмін жаттықтыру, қызметкерлер мен оқушыларды қауіпсіз орынға шығару. 
Оқу жаттығу барысында мектептен: 365 оқушы, 21 кіші қызметкер, 33 мұғалім қауіпсіз орынға шығарылды. Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы: Р.Н.Мұхтар мектеп директорының міндетін атқарушы Ж.А.Шармуханбетоваға эвакуацияның сәтті өткені жайлы рапорт берді.
Дата: 28.10.2023, 16:05 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі