"Мен қаламды сүйемін" акциясы аясында қалалық саябақта сенбілік өтті.

21 қазан  қала Әкімінің бастамасымен "Мен қаламды сүйемін" акциясы аясында қалалық саябақта сенбілік өтті. Сенбілікке қала мектептерінің оқушылары, мұғалімдері бірлесіп саябақты қоқыстан тазалап, ағаш көшеттерін екті.  Мектеп-лицейіміздің де ұстаздары мен кіші қызметкерлері сенбіліктен қалыс қалмай, өз үлестерін қосты. Қаламыздың гүлденуіне арналған іс-шара - туған жерге сүйіспеншіліктен туған игі бастама.

Дата: 23.10.2023, 10:57 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі