Ата – аналар жиналысы

Ата – аналар жиналысы

Ағымдағы жылдың 13 қазанында 10 – 11 сыныптың ата – аналар жиналысы өтті. Мектеп – лицейі директорының міндетін атқарушы Ж.А.Шармуханбетова 2022-23 оқу жылының ҰБТ қорытындысымен, түлектердің жоғары оқу орнына түсу мониторингісімен, Алтын белгі алған оқушыларымыздың жетістіктерімен ата – аналарды хабардар етті. Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша түлектеріміз 100 пайыз ЖОО-на түсті (24- жоғарғы оқу орнына,) оның 18 түлегі (75 %) грантпен, ал 6 түлек (25%)  ақылы ЖОО-на түсті, өткен оқу жылымен салыстырғанда грантпен ЖОО-на түскен түлектер 9% жоғарылады, өткен оқу жылында 66% түлек грантпен түскен болатын. Алтын белгіге үміткер 3 оқушы , Үздік аттестатпен аяқтаған 1 оқушы барлығы да грантпен оқуға түсті, оның 3-і педагог мамандығын таңдағаны да қуантарлық жағдай. Жыл сайын ЖОО-на түсу балдарының көтеріліп жатқанын, әсіресе педагаогикалық мамандықтарға шектеу баллдарының көтерілгенін де айтып өтті. Өткен оқу жылдарында 48-70 аралығындағы балл алған оқушыларымыз ЖООна грантпен түссе, биыл 100 баллдан асқан оқушыларымыз да грантпен оқуға баллдары жетпей қалған жағдайлар болды. Келесі сөз кезегінде директордың ОІЖ орынбасары М.С.Байтурганова қорытынды аттестация ережелерімен, директордың БІЖ орынбасары Ж.Т.Рахимова жаңа оқу жылындағы ҰБТ өзгерістерімен таныстырып өтті. Сөз соңында оқушылардың жоғары оқу орнына түсуіне ықпал етіп жүрген қаламыздағы «Кемел» ББО қызметкерлері өз жұмыстарымен ата – аналарды таныстыру мақсатында кәсіпке бағыттау бойынша ата-аналарға толымды мәлімет беріп, оларды толғандырып жүрген мәселелерге жауап берді. 

Дата: 16.10.2023, 10:41 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі