“Менің шағын Отаным” атты республикалық интеллектуалдық конкурсының қалалық кезеңі өтті.

“Менің шағын Отаным” атты республикалық интеллектуалдық конкурсының қалалық кезеңі өтті.
9-10 сынып оқушылары арасында өткен жас тарихшылардың “Менің шағын Отаным” атты республикалық интеллектуалдық конкурсының қалалық кезеңіне қатысқан оқушылардан: 
Қабдығали Гүлшат, 9 Ә сынып оқушысы – 1 орын, «Менің шағын Отанымның болашағы» номинациясында болашақтағы Балқаш қаласы макетінің презентациясын жасап, қорғады;
Сыздыкбаева Мадина, 10 А сынып оқушысы – 3 орын, «Менің туған өлкем» тақырыбында эссе жазды;
Толуяг Генчосман, 10 А сынып оқушысы – 3 орын, «Шағын Отанымның символы» номинациясында өз жұмысын қорғады. Жас тарихшылар мен жетекшілері Карибжанов Ержан Тұраровичті жүлделі орындарымен құттықтаймыз!
Макетін жасаған Адамбай Жасұлан Тарыбайұлына, 3D – панорама видео түсіруге көмектескен  Аманжол Қарақат Аманжолқызына, Оразалы Қарлығаш Мақсымбекқызына алғыс айтамыз!
Дата: 15.10.2023, 11:03 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі