Ұлылықтың басында ұстаз тұрар...

Ұлылықтың басында ұстаз тұрар...

6 қазан күні қалалық Оқушылар сарайында қала әкімі Сатаев Сапар Каиркеновичтің қатысуымен "Ұлылықтың басында ұстаз тұрар" атты салтанатты марапаттау кеші өтті. Мектебіміздің ардагер ұстазы Галиева Анар Какитаевна Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің "Еңбек ардагері" медалімен марапатталды. Сонымен қатар, информатика пәні мұғалімі Байжуманова Ляйлим Канатовна және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Болат Жәнібек Қарағанды облысының Білім басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталды. Ізденімпаз, шығармашыл ұстаздарымызбен мақтанамыз, ардагер ұстаздардың ізін басып келе жатқан жаңа буын ұстаздарына еңбек жолдарыңыз тәлімді болсын демекпіз. Марапаттау рәсімі қаламыздың өнерлі жастары мен бүлдіршіндерінің концертімен өз жалғасын тапты. Ұстаз - ұлық емес, ұлы есім демекші, ең жақсы марапаттар мен құрметке лайықты барша ұстаздарды төл мерекесімен құттықтаймыз!

Дата: 7.10.2023, 11:44 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі