Президенттік олимпиада

Президенттік олимпиада

Республикамызда жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша ХVІ Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі аяқталды.

Айта кетсек, олимпиаданың әрбір қатысушысы төрт пән бойынша (математика, физика, химия, биология) тапсырмаларды орындайды.
Қарағанды қаласында өткен олимпиадаға қатысқан Балқаш қаласы мектептерінің команда құрамында Абай атындағы мектеп-лицейдің 11 А сынып оқушысы Қаратас Даниал химия пәні бойынша жүлделі 3 орынға ие болды. Оқушымызды жеңісімен құттықтай отырып, олимпиадаға дайындаған пән мұғалімі Мұқамеди Рабиға Секербайқызына алғыс айтамыз!
Дата: 5.10.2023, 14:47 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі