Абай мұрасы-адами құндылықтың биік шыңы

Абай мұрасы-адами құндылықтың биік шыңы

Қарағанды облысының білім басқармасы, ҚО ББД оқу-әдістемелік орталығының жоспарына және Абай даму Альянсы мектептерінің жоспарына сәйкес Балқаш қаласы Абай атындағы №2 мектеп-лицейінде 2022 жылдың 8 желтоқсанында «Абай мұрасы-адами құндылықтың биік шыңы» атты облыстық бейне-пресс-құрылтайы өтті.

Мақсаты: Абай Құнанбайұлы мұрасын ұрпақ санасында жаңғырту, қазақ халқының төл мәдениеті мен рухани мұрасын құндылық ретінде сақтап, бәсекеге қабілетті зияткер тұлғаны қалыптастыру.

Ғасырлық тарихы бар білім ордасының 90 жылдығымен тұспа-тұс келген құрылтайға жазушы, ф.ғ.д.,профессор, абайтанушы, әуезовтанушы, алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, ф.ғ.д., әдебиеттанушы ғалым, сыншы, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясы академигі Смағұлов Жандос Қожахметұлы, «С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры, ф.ғ.д, профессор Картаева Айжан Маратбекқызы, Абай атындағы ҚазҰПУ «Абайтану» ҒЗО атқарушы директоры, «Хакім Абай» қоғамдық қорының президенті Шойынбет Жабал Алшынбекұлы,  ақын, Қазақстан Республикасы жазушылар одағының мүшесі, «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығының директоры Габуллина Алмахан Мұхаметқалиқызы, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының директоры Абдикерова Бакиткул Химальдиновна, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ  БА институтының аға оқытушысы Смағұлова Ғазиза Ғабдоллақызы, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Жаркеева Гулназ Бекетовна, Балқаш қаласы әкімінің  орынбасары Жақсылықова Саягуль Жақсылықовна, Балқаш қаласы білім бөлімінің басшысы Агдарбекова Гульмира Женисбековна және Балқаш қаласы білім бөлімінің әдіскерлері, қаланың мектеп директорлары қатысты. Құрылтай қонақтары «Заманамен үндескен білім ордасы» бөлімінде мектептің Абай залы және этнография залдарын аралап, мектептегі ғылыми зерттеу жұмыстары: гидропоника, ІТ саласы, «АвтографTime» түлектермен кездесу, «Жас журналистер» клубтарының алаңдары көрсетілді. Құрылтайдың үшінші бөлімі, пленарлық отырыста Абайтанушылар ұлы ойшылдың шығармаларындағы терең ойды бүгінгі ұрпақ тәрбиесімен үндестіріп, өз баяндамаларында Абайдың рухани мұрасына жан-жақты талдау жасады. Құрылтайдың жоба және саундтрек байқауларының секциялық отырыстарында жобалар бағыты бойынша «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...», Абайдың «Толық адам» ілімі-рухани кемелдену негізі, «Талап қыл артық білуге» білім беру үрдісіндегі жаңашыл көзқарас тақырыбына 50 қатысушы өз жұмыстарын ұсынды. «Саундтрек» бағытына 83 қатысушы ұсыныс түсірді. Абайдың қарасөздері бойынша бес минуттық саундтрек әзірледі. Байқау әзірлемесі авторлық, яғни қатысушының тікелей қатысуымен қазақ тілінде ұсынылды. Құрылтайға барлығы 133 қатысушы сұраныс берді. Осы жұмыстардың бәрі белгілі критерийлер бойынша бағаланды. Құрылтайдың соңы мектеп ұжымы дайындаған «Абай мұрасы-ұрпаққа ұлағат» әдеби музыкалық композициясымен аяқталды.

 Құрылтай қорытындысы бойынша жоба жүлдегерлері мен жеңімпаздар марапатталды. Балқаш қаласы білім бөлімінің  «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» директоры Рахимберлина Қарлығаш Тишбековна «Абай мұрасы – адами құндылықтың биік шыңы» аймақтық бейне-пресс-құрылтайын 2023 жылы өткізуді Абай даму альянсы мектептерінің құрамындағы  Абай қаласы білім бөлімінің Абай атындағы  №5 мектеп-гимназиясына жолдады.   

Дата: 8.12.2022, 23:52 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі