12 қазан күні мектеп-лицей ата-аналарына арналған «Ұлттық қор - балаларға» тақырыбында ақпараттық сағаты өтті. «Президенттің бастамасымен Балалар жылының аясында «Ұлт¬тық қор – балаларға» атты жаңа бағ¬дарлама іске қосылады. Оған сәй¬кес, 2024 жылдан баст
12 қазан күні мектеп-лицей ата-аналарына арналған «Ұлттық қор - балаларға» тақырыбында ақпараттық сағаты өтті. «Президенттің бастамасымен Балалар жылының аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты жаңа бағдарлама іске қосылады. Оған сәйкес, 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударылады. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалатыны жөнінде айтылды. Бұл қаражат өскелең ұрпақтың үлкен өмірге қадам басуына мүмкіндік береді. Қор, шын мәнінде, ұлттық мәртебеге ие болып, халқымыздың игілігіне қызмет етеді. Бастаманы мұқият әзірлеу қажеттігін ескере отырып, жобаны 2024 жылғы 1 қаңтардан жүзеге асыру басталады.