«Сыңғырла, соңғы қоңырау!»

«Сыңғырла, соңғы қоңырау!»

«Абай атындағы №2 мектеп- лицейі» КММ- де 2021 жылдың 25 мамыр күні «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты мектеп бітіруші түлектерге арналған салтанатты жиын өтті. Ұлылықтың  дара шыңын бойымызға  дарытқан ақын, Ұлы тұлғамыз Абай атамыздың рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қою рәсімінен басталған жиынды  мектеп- лицей директоры К.Т.Рахимберлина мектеп бітіруші түлектерге құттықтау сөзімен бастады. Лицей президенті Абеуов Дидар «Лицей туын» аманат ретінде өз ізбасарларына табыстай отырып, ұстаздарға өздерінің жылы жүрек лебіздерін білдірді.

Дата: 26.05.2021, 12:00 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі