Жас мамандар апталығы

Жас мамандар апталығы

04.03-12.03 аралығында лицейде жас мамандар апталығы  жоспар бойынша жүргізілді. Лицей фоесінде  «Жалында,  жас маман!» ақпараттық стендісі безендірілді.  Жас мамандар апталығы «Үздік  замануи сабақ» конкурсы бойынша  ұйымдастырылды. Конкурсқа арнайы сараптама комиссиясы бекітілді. Ағылшын тілі пәні мұғалімі «педагог- сарапшы» Пиримбетова Н.К және  І санатты матеаматика пәні мұғалімі Әлжан Б.Т.

04.03  күні ағылшын тілі пәні мұғалімі Камит С. 3 ә  сыныбында  «Inventions in Kazakstan»  тақырыбында ашық сабақ берді.  Сабақта жас маман барынша оқытудың белсенді- әдістерін қолданды. Математика пәні мұғалімі Сейфолла А.А  «Тік бұрышты  координаталар жүйесі» тақырыбында  6 В  сыныбында ашық сабақ  өткізді. Сабақта қолданылған тапсырмалар мақсатқа сай жүргізілді. Оқушылар түрлі әдістер арқылы  есептерді белсенді орындады. Медиатехнологиялар қолданылды. Жас маман  сабағына  «педагог зерттеуші»,  ардагер ұстаз,  математика пәні мұғалімі Алибиева А.Б кері байланыс берді.

Дата: 13.03.2020, 11:53 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі