Тәжірбие алмасу сабақтары - әдістемелік шеберлік көзі.

Тәжірбие алмасу сабақтары - әдістемелік шеберлік көзі.

10.10.19  күні лицейде шет тілдер онкүндігі аясында «Social network profile» тақырыбында  7А сыныбында  Мусина С.М тәжірбие алмасу сабағын  өткізді. Сабақ мақсаты: оқушылардың әлеуметтік желілермен  жұмыс дағдысын дамыту, адам өміріндегі  әлеуметтік желілердің   ролін ашу болды. Оқушылар сабақ барысында  «Цифрлы Қазақстан» мемелекеттік бағдарламасының  негізінде еліміздің  қолданысындағы  әлеуметтік  желілер рейтингісімен танысты .  Ipad, imac, Iaptop ,smart watsh,  wi-fi  электронды гаджиктерінің маңызын ашып, шығармашылық жұмыстарын көрсетті.Сабақ оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытуға бағытталды. Сабаққа жас мамандар қатысып өздерінің әдістемелік қоржындарына білім қосты.

11.10.19ж тәжірибе алмасу сабағын орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Станова С.Р  сыныбында өткізді. Сабақ тақырыбы «Что за прелесть эти сказки?».  Жаңартылған білім мазмұнына сай құрастырырлған сабақ барысында  оқушылардың айтылым, жазылым, тыңдалым дағдысын дамытуға бағытталған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары, АКТ құралдары кеңінен қолданылды.Сабақта үштілділікті дамыту бағыты негізге алынып, оқушылар ертегілерді ағылшын тілінде де еркін жеткізе алатындықтарын көрсетті. Сабаққа жас мамандар қатысып әдістемелік көмек алды.

Дата: 14.10.2019, 8:48 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі